АҚШ конгресінде Пентагон басшысын қызметтен шеттету ұсынылды

171
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ozyeWNM08NLlH68KcD4sLkoHmmHgGzEuPiaX29Zx.webp

АҚШ Конгресінде қорғаныс министрі Пит Хегсетке қатысты қарар жобасы таныстырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

DW дерегінше, құжатты өкілдер палатасының республикашыл мүшесі Томас Мэсси ұсынған. Ол министрді Иранға қарсы соғысқа байланысты өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптап отыр. 

34 беттен тұратын құжат сегіз баптан құралған. Оның үшеуі Иранға қарсы әскери әрекеттерге қатысты. Мэссидің пікірінше, Хегсет Конгрестің рұқсатынсыз соғыс бастаған. Сондай-ақ қарар жобасында Йемендегі әскери қимылдар, АҚШ әскерінің Кариб теңізіндегі есірткі тасымалдаушылардың кемелеріне жасаған соққылары және Венесуэла президенті Николас Мадуроны тұтқындау мәселелері қамтылған.

Томас Мэсси министрді Конгрестің соғыс жариялау құқығына қатысты шешімдерін елемеді, шетелдік көшбасшыларды заңсыз ұстап, Трамп әкімшілігін сынаушыларды сөз бостандығын пайдаланғаны үшін қудалады деп айыптады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Хегсеттің қызметіне оң баға беріп, оның «өте жақсы жұмыс атқарғанын» атап өтті. Сонымен қатар бастаманы көтерген Мэссиді сынға алды. Ал Пит Хегсет импичмент жариялау әрекеттеріне алаңдамайтынын айтып, 10 қарашада Пентагонда осы мәселеге қатысты брифинг өткізетінін хабарлады.

DW мәліметінше, Өкілдер палатасы Мэссидің ұсынысын осы аптада қарауы мүмкін. 

Томас Мэсси Кентукки штатынан сайланған. Ол марқұм қаржыгер Джеффри Эпштейннің ісіне қатысты құжаттарды жария етуге ықпал еткен саясаткерлердің бірі. Дональд Трамп бастапқыда құжаттарды жариялауға қарсы болғанымен, кейін Конгресс талабына келіскен. Ал Кентуккидегі республикашылдардың алдын ала сайлауында Трамп Мэссидің орнына үміткер болған оның қарсыласын қолдаған.

Yorumlar
Diğer Haberler