Газ орнатқан көлік өртеніп кетті

132
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JZpEbxkZkTgOZgpsGMtwozdSkmsMASienRC6It7l.webp

Ақтау қаласында 12 қарашада Hyundai Elantra автокөлігі өртеніп, кейін көліктегі газ баллон жабдығы жарылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 27-шағын аудандағы өрт туралы хабарлама сағат 11:46-да түскен. Өртенген автокөлікке көлемі 45 литрлік газ баллон жабдығы орнатылған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін газ баллон жабдығы жарылған. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өртті сағат 11:58-де толық сөндірді.

Оқиға орнына ТЖД-ның 6 қызметкері мен 1 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Yorumlar
Diğer Haberler