«Бүгінгі екі шенеуніктің ұсталуы мемлекет ешкімнің лауазымын заңнан биік қоймайтынын көрсетеді» — танымал журналист

61
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HZCnBQS1r3Zcr5tRqoMqU55GCsz8OoLS4E5rbwoz.webp

Аспаннан жауған доллардың видеосын бәріңіз көріп үлгерген шығарсыздар. Не деген көп ақша!

Шіркін-ай, түсімізде де көрмеген долларлар! Көпшілік кино түсіріп жатыр, реквизит деп, видеоға сенбеп еді.

Сөйтсек, ешқандай да кино емес екен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыниевтің ұсталғанын хабарлады.

Тергеу құпиясына байланысты істің өзге жай-жапсары әзірге жарияланған жоқ. Бірден айтайын, Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі басшыны бекерден-бекер ұстап отырған жоқ. Оларды ұстауға негіз болған дәлелдер бар деген сөз.

Негізі, бұл – қарапайым қызметкерлердің ұсталуы емес. Әңгіме экономикамызда айрықша орны бар екі ірі ұлттық компанияның басшылары туралы. Меніңше, бұл оқиға «Заң мен тәртіп» қағидатының іс жүзінде жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа жол берген кез келген адам қызметіне, атақ-абыройына немесе бұрынғы еңбегіне қарамастан, заң алдындағы жауапкершіліктен босатылмайды. Заң бәріне ортақ. Мемлекет үшін лауазымды тұлғаның мәртебесінен заңның үстемдігі маңызды.

Президенттің ұстанған қағидаты, міне, осы. Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне жол бермеу керектігін талай мәрте ескерткен. Әділетті Қазақстан құрудың негізгі шарттарының бірі – жемқорлыққа төзбеу, мемлекеттік мүддені жеке бастың пайдасынан жоғары қою. Демек, Мемлекет басшысы осы ұстанымды қатаң басшылыққа алып келеді деп толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі екі шенеуніктің ұсталуы мемлекет ешкімнің лауазымын заңнан биік қоймайтынын көрсетеді.

Жазира Бегалы

Yorumlar
Diğer Haberler