Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобын құрды

155
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TfxF8ZTzXYWV5VeV7XNe6Qry6wBMXzGKeaKA6a1I.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы» туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы бүгін, 23 қарашада Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған.

Сараптама тобының негізгі міндеттері – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау»,– делінген хабарламада.

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Сараптама тобының жұмыс органы саналады.

Сараптама тобының отырысы қажет кезде, алайда кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және Сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады.

Yorumlar
Diğer Haberler