Иранда телеарна Каспий теңізінің атауын өзгертуден бас тартты

115
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jPL7ICKUwto4qzPURMqsGTdjKCd32Tyv6J8Nfopd.jpg

Фото: Бейнеден скрин

Иранның мемлекеттік телеарнасы қоғам наразылығынан кейін Каспийді бұрынғыша атай бастады, деп хабарлайды “Адырна”.

Арна ауа райы болжамдарында Каспий теңізін бұрынғыдай «Хазар теңізі» деп атайды.

Бұған дейін, соңғы бір айда телеарна дәстүрлі «Хазар теңізі» атауының орнына «Каспий теңізі» атауын қолдануға тырысқан. Бұл шешім Оңтүстік Әзербайжан белсенділерінің наразылығын туғызып, олар телеарнаға тиісті өтініштер мен шағымдар жолдаған.

Қоғамдық сыннан кейін телеарна бұрынғы атауды қайта қолдана бастаған. Алайда бұл шешім атауды өзгерту әрекетінен түбегейлі бас тартуды білдіре ме, әлі расталмады.

Yorumlar
Diğer Haberler