AI Journey 2026. Президент тағы да Мәскеуге барды

180
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ddjKP6nNJ1h2pffOzAZckJaycUMaZbWDmLsOG41g.avif

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25–26 қараша күндері Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мәскеуде мемлекет басшысы Ресей президентімен келіссөздер жүргізіп, жасанды интеллект мәселелеріне арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей басшылары кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі апта бұрын Мәскеуде болған еді. 11 қарашада ол Үлкен Кремль сарайында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан.

 

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler