Ел тағдырына бейжай қарамаймын: 96 жастағы Бибігүл Төлегенова өз таңдауын жасады

127
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dciybmY0372eLbgl7WWrDvpNrTHbTJFqWhhXQp7X.jpg

Бүгін Алматы қаласының Бостандық ауданында қазақ өнерінің аңызы, «қазақтың бұлбұлы», ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова сайлауға қатысып, өзінің азаматтық борышын өтеді.

Жасы 96-ға келгеніне қарамастан, халықтың сүйікті әншісі ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмады. Сайлау комиссиясының өкілдері өнер иесінің шаңырағына арнайы тасымалданатын сайлау жәшігін алып келіп, оның үйден дауыс беруіне жағдай жасады. Жылы жүздесу барысында аңыз әншіге құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары ұсынылды. 

Бибігүл Ахметқызының бұл қадамы - жас ұрпаққа үлкен өнеге, Отанға деген шынайы сүйіспеншілік пен биік азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Ел болашағына деген жанашырлық жасқа қарамайтынын дәлелдеген тұлға әрбір дауыстың туған ауданымыз бен мемлекетіміздің ертеңі үшін маңызды екенін көрсетті.

Құрметті Бостандық ауданының тұрғындары! Аға буынның осындай белсенділігі мен елжандылығынан үлгі алып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамыз. Ауданымыздағы барлық сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін ашық болады.

Yorumlar
Diğer Haberler