Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде үшін республикалық байқау өтеді

3054
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/1696647a-c3f1-4881-a892-d5727b8e83d9.jpeg
Байқаудың мақсаты: -Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шаңырағын көтеру ісіне өзінің өмірін арнаған мемлекет және қоғам қайраткерінің егемен ел дамуына сіңірген еңбегіне әділ баға беру; -өнегелі өмірін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау; - әділдік жолында шейіт кеткен сұңғыла саясаткердің мемлекетшіл болмысын, азаматтық-патриоттық тұлғасын кейінгі ұрпаққа үлгі ету; -көсемсөз жанрында жазатын шығармашыл тұлғаларға қолдау көрсету. Байқауға ұсынылатын тақырыптар: Алтынбек Сәрсенбайұлы- -журналист һәм редактор; - Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қаласқан демократтық көзқарастағы мемлекет қайраткері, ұлт патриоты ; -дипломат; -Қазақстанда жаңа қоғам орнату жолындағы саяси күрескер; - мемлекет болашағын болжай алған сұңғыла саясаткер; -адамгершілігі жоғары, азаматтық позициясы айқын тұлға. Байқау талаптары: -тек эссе жанрында жазылған шағын көсемсөз шығармалар қабылданады; -жазылған эссе 10 тамыздан 10 қыркүйекке дейін ел аумағында тарайтын газет-журналдарға, бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелген сайттарға, яки бес мыңнан жоғары жазылушысы бар әлеуметтік желілерде жариялануы керек; -жарияланған эссенің электрон нұсқасын, сілтемесін ұйымдастыру алқасына жолдау міндетті; -байқауға бір автордан бір ғана шығарма қабылданады; -байқауға әдепсіз сөздер араласқан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар қабылданбайды; -байқауға қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды. -байқау жұмыстары MS Word форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 кегльмен, 1,0 аралықта терілуі керек және 2022 жылдың 10 қыркүйегіне дейін yessey0708@gmail.com электрон поштасына жіберу қажет; -автор туралы мәлімет, байланыс деректері (Т.А.Ә., тұратын мекен-жайы, телефон нөмірі, электрон поштасы, мекен-жайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) шығармамен қоса жолданады. Байқау қорытындысы: Ұйымдастыру алқасы байқау ережесінде көрсетілген талаптарға сай жолданған шығармаларды қарап, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сыйлық иегерлерін (үш орын) А.Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл толуына орай өтетін халықаралық ғылыми конференцияда жариялайды және ақшалай-заттай сыйлықпен марапаттайды.  
Yorumlar
Diğer Haberler