Сирия президенті Тоқаевқа алғыс айтты

2532
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/c38446fe-8876-4d62-b5c2-4257b5dacb97.jpeg
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия Президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.
– Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды, – деп жазылған жеделхатта.
Yorumlar
Diğer Haberler