Алтай Көлгінов Премьер-Министрдің орынбасары қызметінде қалды

2820
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/photo_5283005311512332383_x.jpg
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. Алтай Көлгінов өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерге жауапты: - білім және ғылым; - денсаулық сақтау; - әлеуметтік жаңғырту, әлеуметтік саясат, жұмыспен қамту; мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы; - мемлекеттік жастар және отбасы саясаты; - конфессияаралық және этносаралық татулықты қамтамасыз ету; - мәдениет пен спортты дамыту; - мемлекеттік тілді дамыту; - демографиялық және көші-қон саясаты; - ақпарат; - туризмді дамыту; - әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың (республикалық, өңірлік және салалық) жұмысы.
Yorumlar
Diğer Haberler