Өскеменде мектепті жөндеуге деп ата-аналардан ақша жинаған мұғалім сөгіс алды

2746
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/4a879a3c-1300-4591-983f-ee2d62215b0a.jpeg
Өскемен қаласында ата-аналардан ақша жинаған мектеп мұғалімі жауапқа тартылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, 1424 Call-орталығына Өскемендегі №15 орта мектеп оқушысының анасы хабарласқан. Өз сөзінде ол мұғалімнің мектеп кабинетін жөндеуге ақша жинап жатқанын айтып, шағым түсірді. Тексеру барысында аталған факті расталды. Жиналған қаражат ата-аналарға толықтай қайтарылды. ҚР «Білім туралы» заңының 63-бабын бұзған педагог «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ департамент қызметкерлері мектеп әкімшілігіне түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Yorumlar
Diğer Haberler