Израиль азаматтарын тасымалдайтын автобусқа оқ атылды

3045
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/4dc63a97-f201-4867-af5e-e9863511585f.jpeg
Египетте Израиль азаматтарын тасымалдайтын туристік автобусқа оқ атылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі topwar.ru агенттігіне сілтеме жасап. Египетте полиция қызметкері израильдік туристер мінген автобусқа оқ жаудырған. Араб бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, атыс салдарынан 2 Израиль азаматы, 1 Египеттік тұрғын қаза тапты. Атыс салдарынан бірнеше адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Бұл оқиға ХАМАС қозғалысының Израильге шабуылы араб мемлекеттеріндегі радикалды азаматтарды да қамтығанын көрсетеді. Египет билігі Израиль мен ХАМАС арасындағы Израиль тұтқындарының тағдыры туралы келіссөздерге делдал бола алатынын айтқан еді. Алайда елдің қауіпсіздік күштері шабуыл болған жерді тез қоршауға алды. Әлеуметтік желілерде таратылған әуесқой бейнеде зардап шеккендерді ауруханаларға жеткізетін кем дегенде үш жедел жәрдем көлігін байқауға болады.
Yorumlar
Diğer Haberler