Шымкент білім басқармасының басшысы тағайындалды

6150
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/dfb4cac0-6a76-45b4-b903-e9db2d540564.jpeg
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиева тағайындалды. Бұл қала әкімінің өкімі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Нұргүл Ақылбекқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, «Тұран-Астана» университетін және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - орыс тілі мен әдебиеті, психология, менеджмент. Еңбек жолының 22 жылын тәрбие-білім саласына арнаған. Соңғы жылдары Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Yorumlar
Diğer Haberler