Түркістанда жоғалып кеткен 4 жасар баланың денесі табылды

6890
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/6d86cf15-5e9f-4256-b436-6aaa1e7cb87d-960x500.jpeg?token=f7ad44d1d2d640c4c3a80d733d54cf00
Түркістан облысында жоғалған 4 жасар Бақыт Айбардың денесі табылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 4 жасар бүлдіршіннің денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылған.
“Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде 3 желтоқсан күні түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, ал мәйіттен зорлық-зомбылық пен қандай да өлім белгілері табылмады. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда”, – делінген құзырлы орган таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Түркістан қаласының полициясына баланың жоғалғаны туралы хабарлама келген. Сол сәттен-ақ  полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеу жұмыстарын бастаған болатын. Алайда Бақыт Айбар өлі күйінде табылды.
Yorumlar
Diğer Haberler