"Бармақ басты, көз қысты". Жемқорлардың "сүйікті" сөздері қандай?

3402
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/teңge-960x500.jpg?token=321b2232715a3deeda2ce2b437e442ca
Антикор қызметі жемқорлардың ең жиі қолданатын сөздері мен ым-ишараларымен бөлісті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеп. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру және алу барысында ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар және орын алатын әрекеттер туралы айтты.
Жемқорлардың "сүйікті" ұсынысына айналған сөздер мен сөз тіркестері: «Осы мәселені шешіп беріңізші», «біздің де пайдамыз тиер», «рахмет айтамын ғой», «көреміз», «хабарласамыз ғой», «шешуге болады, бірақ нақты ештеңе айта алмаймын», «мүмкіндігіңізді пайдалансаңызшы», «келісеміз ғой», «қашан, қайда барып, не істеу керектігін айтасыз ғой», «жақсы жаңалықпен қуантасыз деп ойлаймын». Қазақпараттың дерегінше, пара берген және алған адамдар жиі саусақтағын ысқылап, бас изеп, көзбен ымдап, қалтасын қағу, ұялы телефон, калькулятор арқылы соманы көрсету, қол алысу арқылы белгі береді екен.
Yorumlar
Diğer Haberler