Семейде тұрғын үйден өрт шығып, 15 адам құтқарылды

2609
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/63dc0032-37ec-4578-bedb-a982d26697d6.png

Семейде 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады. Одан бөлек газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2 ақпанда сағат 18.10-да өрт сөндіру қызметіне 410-блокта өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар бес қабатты тұрғын үйден баспалдақ арқылы 15 адамды, оның ішінде үш баланы эвакуациялады, сонымен қатар бір газ баллонын шығарды», - делінген хабарламада. Балкондағы тұрмыстық заттар, терезе және есік блоктары 6 шаршы метр аумақта жанып кеткен. Өртті сөндіруге жеке құрамның 16 адамы мен 5 техника жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

“Адырна” ұлттық порталы

Yorumlar
Diğer Haberler