Экс-министр жазасын жеңілдетем деп ауырлатып алды

3125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/53ea92bc-6bdb-4bdb-bf67-11eb606d9eee.jpeg

Бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйеліне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін 8 жылға сотталған бұрынғы Мәдениет министріне тағы 3 жыл қосылды. Сот үкімімен Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды. Белгілі болғандай, Мұхамедиұлы жазасын жеңілдетіп, босап шығу үшін пара бермек болған. Сондай-ақ экс-министрдің жұбайы Ғалия Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды, сондай-ақ алты айға бас бостандығынан айырылды. Ал сотталушының адвокаты Мұстахым Төлеев – алаяқтық үшін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

“Адырна” ұлттық порталы

Yorumlar
Diğer Haberler