"Украина президенті Путин..." Байден Зеленскийді Путинмен шатастырды (ВИДЕО)

1931
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_6619-1.jpeg

Вашингтонда өткен НАТО саммитінде АҚШ президенті Джо Байден Владимир Путинді байқаусызда Украина басшысы ретінде таныстырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сөз кезегін табанды әрі қайсар Украина президентіне бергім келеді. Ханымдар мен мырзалар, президент Путин », - деді Байден 12 шілдеде.

Бірнеше секундтан кейін АҚШ басшысы шатасқанын түсініп, қатесін түзеді.

«Президент Зеленский. Путинді жеңуге тым көп көңіл бөлгенім сонша, шатасып кеттім»,—деді ол.

Кейін Джо Байден вице-президент Камала Харристі Дональд Трамппен шатастырып, тағы да қателесті.

https://youtu.be/vhmVU80y3iY?si=Qygg3DJTIEiWQdDf
Yorumlar
Diğer Haberler