Алматыда жанармай құю бекетінде көлік өртенді

2675
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_7150.jpeg
Бүгін, 22 тамызда Алматыда жанармай құю станциясында ірі өрт орын алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп. «22 тамызда сағат 16.48-де Алатау ауданының өрт сөндірушілері Аққайнар көшесі 1/18 «Газпромнефть» ЖҚС мекенжайына шұғыл шақыртумен жетті. Сағат 16.55-те жеткен төтенше жағдай қызметкерлері «Газпром» газ толтыру стансасының аумағында «Тойота Хайландер» автокөлігі ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрт ыстықтан еріген газды су жылытқышқа өткізіп, жарылыс қаупін туғызған», - делінген хабарламада. Өрт сағат 17.00-де сөндірілді деп хабарланды. Газ жабдықтары мен резервуарды шайып, салқындату жұмыстары жүргізілді. «Ешқандай зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына 10 жедел жәрдем қызметкері мен екі техника шықты», - делінген хабарламада. Сондай-ақ өрт сөндіруші Эльдар Молдабаевтың өз өмірін қатерге тігіп, отқа оранған жанар-жағармай құйылған газ диспенсерінің шүмектерін жауып, сол арқылы жанар-жағармай құю бекетіндегі жарылыстың алдын алғаны айтылды.
Yorumlar
Diğer Haberler