Лаундж-бардағы атыс. Полиция түсініктеме берді

2054
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438
Сенбі күні Алматыдағы барлардың бірінде атыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қалалық ПД мәліметінше, атыс Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы “Мята” лаундж барында болған.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
"Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Оқиға туралы өзге деректер жарияланбады. Айта кетейік, танымал актер Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде төбелеске қатысқаны үшін сотталған болатын.
Yorumlar
Diğer Haberler