Өзбекстанда да парламент сайлауы басталды

1450
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/whatsapp-image-2024-10-27-at-09.29.33.jpeg
27 қазанда Өзбекстанда Олий Мажлис Заң шығару палатасына және облыстар, қалалар мен аудандардың халық депутаттары кеңестеріне депутаттарды сайлау басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Газета.uz-ге сілтеп. Дауыс беру учаскелері сағат 08:00-ден бастап, 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сайлау өткізу үшін 10 717 сайлау учаскесі дайындалған. Олардың 57-сі әлемнің 40 елінде ашылды.
"Биыл парламенттік сайлау тарихта алғаш рет мажоритарлық және пропорционалдық жүйені біріктіретін аралас жүйе бойынша өтеді", – деп жазады басылым.
   
Yorumlar
Diğer Haberler