Семейде соққыға жығылған жасөспірімге пәтер кілті табысталды (ВИДЕО)

1222
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/photo-output-4.jpeg

Семей қаласында бұзақылардың әрекетінен зардап шеккен 11 жастағы Әлинұрға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы блогер Аида Жүнісова мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.  

Айтуынша, 3 күннің ішінде жасөспірімге 32 миллион теңге жиналған.

«Алақай, біздің қолымыздан келді. Енді Әлинұр мен оның қарындасының өз баспанасы бар»,—деді ол.

Еске салайық, 24 ақпан күні Семейде жасөспірімдердің 6-сынып оқушысын соққыға жыққаны белгілі болған еді. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, барлық қатысушының дереу анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді.

Кейін балалар омбудсмені Динара Зәкиева Абай облысының әкімі Берік Уәлимен кездесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және Семейдегі оқиғаға қатысты мәселелерді талқылады.

<
Yorumlar
Diğer Haberler