Шымкент әкімі бүлдіршіндердің тұсауын кесті

2511
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/c0e0c225-ac2d-4ecd-a434-9e5701f7046c.jpeg

Бүгін Наурыз мейрамы Астана алаңында «Наурызнама» атты музыкалық-театрландырылған мерекелік қойылымымен басталып, көптеген іс-шаралар өтті. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертті тамашалады.

Қала әкімі  Ғабит Сыздықбеков мерекелік іс-шарада бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, сәбилерге ақ жол тіледі.

Астана алаңында мереке аясында мәдениетіміздің асыл қазынасына айналған киіз үйлер тігіліп, этноауыл жасақталды. Мәдениетіміздің асыл қазынасы саналатын ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихымызды дәріптейтін көрмелер қойылды.

Мерекелік думан барысында ертегі әлемінің кейіпкерлері мен Шымкент цирк әртістері таңғажайып қойылымдар көрсетіп, ұлттық спорт ойындарының сайыстары өтті.

Айта кетсек, кешкі сағат 20.00-де отандық және әлемдік танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт көпшілік назарына ұсынылады.

Yorumlar
Diğer Haberler