Қызғалдақтар - дала символы

2364
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/izobrazhenie-whatsapp-2025-05-07-v-18.19.02_935b3da9-960x500.jpg?token=9c0c73307fab2bfb93a39c3a40fdbb43
2025 жылдың 06 мамыр күні Қаратау қорығы аумағындағы «Хантағы - Кемпіртас» соқпағында VIl - аймақтық «Қаратау қызғалдақтары» тақырыбында шығармашылық сурет байқауы өтті. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Оған 40-тан аса Кентау балалар көркемсурет мектебі, Юнеско клубы оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты - өскелең ұрпаққа туған жеріміздің әсем табиғатына деген сезімін оята отырып, қоршаған ортаны сүюге баулу. Естеріңізге сала кетейік, әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі кездеседі, оның 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Yorumlar
Diğer Haberler