Қазақстан экономикасы 4 айда 6%-ға өскен

1176
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/img_9737-960x500.jpeg?token=ea34a3e1d3b9dc6f11a37f5919e7015b

2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында ел экономикасы 6% өсім көрсетті. Бұл туралы бүгін, 12 сәуірде Экономика министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Көлік пен сауда салаларында даму қарқынының артқаны байқалған. Министрліктің мәліметінше, көлік саласы бойынша көш басында Түркістан тұр. Өсім 21,8% құрады.

«Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсімі 6%-ды құрады. Экономиканың негізгі салаларында: көлікте (22,4%), саудада (7%) даму қарқынының артқаны байқалады. Өсім ауыл шаруашылығы (3,9%) және байланыс (2,6%) салаларында да тіркелді. Көлік саласындағы өсім саланың жалпы көлеміндегі үлестері тиісінше 20,5% және 19,6%-ды құрайтын темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді»,—делінген хабарламада.

Yorumlar
Diğer Haberler