Түркістан облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинады

1850
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/84652691-ebfb-4eca-98e9-09d4cf167ebb-960x500.jpeg?token=23ce8af536ee72877ad9871600564c2b
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тесттен 140 ұпай алды, деп хабарлады “Адырна”. Ол Ұлттық бірыңғай тестілеуде ирформатика пәнін таңдаған. «Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі – табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Жәнібек Асқарұлы – арманға жетудің мүмкін екендігін дәлелдеген жастың бейнесі. Оның табандылығы,жауапкершілігі,уақытты тиімді пайдалануы мен өзіне деген сенімі – өзге оқушыларға үлкен үлгі», - делінген Түркістан облысының Білім басқармасының хабарламасында. Айта кетсек,Жәнібек ҰБТ-ға қосымша  дайындалу үшін барған білім беру орталығы өз оқушыларының арасынан бірінші болып 140 балл жинағанға пәтер уәде еткен екен. Естеріңізге сала кетейік, 16 мамырда елімізде негізі ҰБТ басталды. Тестілеу 7 шілдеге дейін жалғасады.
Yorumlar
Diğer Haberler