Ақмола облысында ер адам трактор дөңгелегінің астында қалып, қаза тапты

965
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/traktor-960x500.jpg?token=95e4972a9e03897e754fe262f65e9257

Ақмола облысында ер адам трактор дөңгелегінің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қайғылы оқиға Ақмола облысы Державинск қаласына жақын маңдағы дала жолында болған. Lunking маркалы дөңгелекті трактордың тек бір ғана отырғышы бар. Соған қарамастан, тағы бір жолаушы фильтр кассеталарына отырып алуға шешім қабылдаған.

«Қозғалыс кезінде жолаушы тепе-теңдігін жоғалтып, жолға құлап, трактордың артқы дөңгелегінің астына түскен. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.

Трактор жүргізушісі ішімдік ішпеген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Трактор арнайы тұраққа қойылды.

Yorumlar
Diğer Haberler