Өскемен маңында ұшақ апатты жағдайда қонды (видео)

2846
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/ushak-960x500.png?token=5298ac5a924a006bdbf39f7d996fc8ed
Өскемен әуежайының маңында ұшақ авариялық жағдайда қорнуға мәжбүр болды.
"Санитарлық авиацияның АН-2 ұшағы сағат 12.33-те Прапорщиково ауылының маңында апатқа ұшырады. Ұшақта бес адам болған. Барлығы аман", - деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Орлан 2000" әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы санитарлық тапсырмамен Өскемен-Ақсуат бағыты бойынша ұшып бара жатқанын хабарлайды. Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы жағдайды айтты. Ұшақ командиріне Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде қону керек болды. Ұшақта бес адам болды, үш экипаж мүшесі мен екі жолаушы. Қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады Азаматтық Авиация комитетіндегілер. https://youtu.be/p18u8MH9Ls0
Yorumlar
Diğer Haberler