Шымкет қаласында коронавирус инфекциясын тағы екі адам жұқтырды

2558
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/tengri-2-960x500.jpeg?token=b46fa700c3b3c834cd989e1938318443
Шымкент қаласындағы  сағат 09:35-тегі мәлімет. Вирусты жұқтырған 1979 жылғы азаматша мен 1977 жылғы ер азамат өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, сол үшін карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 21.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 92 адам анықталды.

Шымкент

Yorumlar
Diğer Haberler