Қазақстан өңірлерінде провизорлық және инфекциялық стационарлар жабылады, сондай-ақ төсек-орындар саны қысқарады

2992
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/07/bolnicza-960x500.jpg?token=3ce53215ffd2a7e57ec2313f49e9c6f3
Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 провизорлық стационар және 1 инфекциялық стационар жабылды. Жалпы саны 1 070 төсек - орын, сондай-ақ 6 провизорлық стационарларда (855 орынға) төсек-орын саны қысқарды. 🔹Жабылған аймақтар бойынша: Ақтөбе облысы - БҚММУ жатақханасы (300 төсек-орын); Атырау облысы - Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасы (30 төсек), Жылыой туберкулезге қарсы диспансері (10 төсек), Атырау облыстық ауруханасы (200 төсек); Қарағанды облысы - облыстық кардиоорталық жанындағы "Турист" қонақ үйі (100 төсек), облыстық психикалық денсаулық орталығы жанындағы ҚарМТУ жатақханасы (100 төсек); Нұр-Сұлтан қаласы - Қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 төсек -орны бар инфекциялық стационар); Шымкент қаласы - Облыстық балаларды оңалту орталығы (100 төсек-орын). 🔹Төсек-орын санын қысқарту бойынша: Маңғыстау облысы - Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 төсектік), Жаңаөзен қалалық ауруханасы (100 төсектік), Бейнеу ауруханасы (30 төсектік), Түпқараған аудандық ауруханасы (25 төсек-орын), Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 төсек-орын); Павлодар облысы - "Мойылды" шипажайы" АҚ базасындағы Сұлтанов атындағы госпиталь (500 төсек-орын). Қалған облыстарда және Алматы қаласында провизор орталықтарын жабу немесе төсек-орын санын қысқарту ағымдағы жылдың 2 тамызынан бастап жоспарлануда.

©️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Yorumlar
Diğer Haberler