ШҚО-да бұрын еден жуған әйел аудан әкімі болып сайланды

7436
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/d59d2b9c-4da3-49d8-978e-ea1ca89c0c4f.jpeg

18 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Тамара Рақымжанованы Глубокое ауданының әкімі етіп сайлады,- деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Тамара Анатольевна Рахымжанова 1978 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, ол еңбек жолын 2001 жылы кәсіпорындардың бірінде өндірістік үй-жайларды тазалаушы болып бастаған.

2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын "Персоналды басқару" мамандығы бойынша білім алған.

2014-2016 жылдары "Өскемен тазалық" ЖШС директоры, 2016-2019 жылдары – "Өскемен тәртіп" КМК директоры болып қызмет атқарған.

2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

“Адырна” ұлттық порталы

 
Yorumlar
Diğer Haberler