Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Толыбаева бостандыққа шықты

3375
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/28d860d80dd1f2ae29ef6dd45428c3c9-1000x_.jpeg
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Abai.kz-ке сілтеме жасап. Жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Сотталушы Жанар Толыбаеваның қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені туралы хабарланды. Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімі бойынша, 2020 жылы 6 қаңтарда қыздың өтініші қанағаттандырылды. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді бақылау пробация қызметіне жүктелген. Айта кетейік, Толыбаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін 2019 жылы қаңтарда 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол жылы 6 наурызда Алматы колониясында жазасын өтеп жатқан Жанар Толыбаева екінші баласын дүниеге әкелген болатын.
Yorumlar
Diğer Haberler