Air Astana Қазақстан мен шетелге ұшу жиілігін арттырды

2434
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/14e8baed-fcba-4708-bf3b-f53555e94906.jpeg
Air Astana Қазақстан мен шетелге ұшу жиілігін арттырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 17 желтоқсанда Air Astana Нұр-Сұлтаннан Дубайға ұшу жиілігін арттырып, аптасына 7 рейстің орнына 9 рейс орындап жатыр. Сондай-ақ 25 желтоқсаннан бастап Алматыдан Коломбоға (Шри-Ланка) ұшу жиілігі ұлғайтылды. Енді Air Astana аралға дүйсенбі мен бейсенбіден басқа аптасына 5 күн ұшады. Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша рейстерді қосты. 30 желтоқсанда 2 рейс, ал 31 желтоқсанда 3 рейс енгізіледі.
Yorumlar
Diğer Haberler