Шымкентте өткен тәулікте 450 КВИ жағдайы тіркелді

2158
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/43a84320-a6dc-4200-b229-8fdfb0c36f81.jpeg
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде. Өткен тәулікте КВИ-дің 450 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 261, белгілері жоқ – 189). 56 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 394 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек-орын толымдығы 40 %-ды құрайды. Шаһарда егу науқаны басталғалы барлығы 593 766 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 580 732 адам вакцинаның екі компонентін алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 26 285 адам, II компонентін 11 632 адам қабылдады. Сондай-ақ, 53 885 адам ревакцинацияланды. Қала тұрғындарын карантиндік талаптарды сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

评论