Бүгін – Тәуелсіздік пен Желтоқсан оқиғасы басталған күн

4122
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/7065b899-c980-4072-ad9a-e37ca653ef90.jpeg

Бүгін – Тәуелсіздік пен Желтоқсан оқиғасы басталған күн.

Тәуелсіздік күні – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында ел арманын арқалап, алаңға шыққан боздақтардың көзсіз ерліктерінің нәтижесі. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойылды. Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Атаулы мереке 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 2001 жылғы желтоқсанның 13-інде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес атап өтіледі. Өткен жылы қабылданған шешім бойынша, Тәуелсіздік күні желтоқсан оқиғасын еске алу күні ретінде бекітілді. «Енді салтанатты іс - шаралар 25 қазанда, ал 16 желтоқсанда Желтоқсан оқиғасын еске алу күні ретінде өткізілетін болады», - деп хабарлаған болатын бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
«Адырна» ұлттық порталы
评论
其他材料