Бағдат Жұбаныш ММА-да рекорд орнатып, үш дүркін әлем чемпионы атанды

4776
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/0fb754ad59923042.jpg

Қазақстандық файтер Бағдат Жұбаныш финалда ресейлік қарсыласы Фарход Рахмоналиевті жеңіп, ММА тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бағдат Жұбаныш ММА-да рекорд орнатып, Абу-Дабидегі әлем чемпионатында 52,2 келі салмақта алтын жүлдені иемденді. Ол Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясы (IMMAF) тарихындағы мұндай рекордқа қол жеткізген алғашқы файтер. Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Жұбаныш 2018 және 2019 жылдары әлем чемпионатын жеңіп алған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

评论