Алматыда белгісіз жағдайда бүтін бір отбасы ажал құшты

3877
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/64ba0de4-d016-41e4-9815-3fd4b1203601.jpeg
Мамандар отбасының неден көз жұмғанын анықтап жатыр. Алматы облысында 2 ересек пен 2 бала қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.  Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, қайғылы оқиға Талдықорған қаласынан 7 шақырым жерде орналасқан Еңбек ауылында болған. Олардың нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Отбасы мүшелерінің денесін ауыл тұрғындары тапқан.
"2022 жылғы 2 ақпанда полиция Еңбек ауылында төрт адамның денесін тапты. Оның екеуі. Барлығы бір отбасынан", - деп жазылған хабарламада.
ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев алдын ала дерекке сәйкес, отбасы мүшелері бірнеше күн бұрын қайтыс болғанын айтты. Олардың денесі сараптамаға жіберілген.

“Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料