Алматы облысында жағдай тұрақталды – штаб

2714
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/19094832_0_0_3072_1728_2072x0_60_0_0_2658ab0e762aa5c8f3b4ea6dce5cb5ec.jpg
Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы облыста жағдайдың тұрақтанғанын  мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Штаб жетекшісінің шешімімен ағымдағы жылдың 7 ақпаны күні сағат 00:00-де Талдықорған, Текелі қалалары мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Жамбыл, Қарасай, Ақсу, Ескелді және Қаратал аудандарында терроризм қауіптілігінің жоғарғы «Қызғылт сары» деңгейi тоқтатылады. Арнайы және құқық қорғау органдары штаттық жұмыс кестесiне көшіріледі. Барлық аймақ тұрғындарына түсіністікпен карап, азаматтық жауапкершілік танытқандары үшін алғысымызды айтамыз, -  делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料