Арман Жұмабеков Стратегиялық жоспарлау агенттігінің аппарат басшысы болды

2274
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/photo_94024.jpeg
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы болып Арман Жұмабеков тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ведомство сайтына сілтеме жасап.
"Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиевтің бұйрығы бойынша Арман Жұмабеков агенттік аппаратының басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Арман Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料