Ертең президенттің мемлекеттік тілдегі сұхбаты көрсетіледі

2310
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/tokaev.jpeg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір сұхбаты көрсетілмек.  "Ертең, 17 ақпан күні сағат 20:30-да «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді", - делінген ресми хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料