"Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXII съезі өтеді

2247
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/1642588751a39zu_1000x768.jpg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезін шақырды. Бұл туралы Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы мәлімдеді. "Бүгін Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған барлық облыстардан делегаттар қатысады. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық шараларына кірісті", - деді атқарушы хатшы. Съезд барысында партия жұмысын одан әрі жаңғыртудың басым бағыттары талқыланады.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料