"Астананы ауыстырғаннан Алматы қаласы тек ұтты" - Берік Әбдіғалиұлы

3401
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/0lk2hfc50gn35xz10o2p_0hjxvp9mg6jg4gi6axte.png
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы өзінің фейсбук парақшасында Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихында ел астанасын ауыстыру оң шешім болғанын атап өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- 30 жылда аймақтық саясатта астананы ауыстырғаны оң шешім болды. Одан Алматы қаласы тек ұтты. Ал қате шешім - ол бірқатар облыс пен аудандардың жабылуы. Әсіресе Арқалық (Торғай обл.), Жезқазған (Жезқазған обл.) және Семей (Семей обл.) ел-жұртына ауыр тиді, өңірлердің дамуына кері әсерін тигізді. Осыны мойындау керек, -  деп жазды Мәжіліс депутаты.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料