Ресей соғыс бастады: Харьков, Одесса, Киев зымыран астында қалды

20577
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/845698a4-4ba5-4f3b-8e05-f4c235805ad2.jpeg
Украиналық және оқиға орнындағы дүниежүзілік БАҚ журналистері Киев пен Харьковте жарылыстар естіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz.сайтына сілтеме жасап.  CNN-нің Харьковтегі журналисі атыстарды естіп жатқанын хабарлады.
"Кларисса Уорд өзі жүрген аймақ - Харьковте атыс даусын естіп жатқанын айтты", - деп жазды CNN тілшісі Наташа Бертранд Twitter желісіндегі парақшасында.
Одан бөлек, украиналық БАҚ-тар Киев, Краматорск, Одесса, Харьков, Бердянск, сонымен қатар, Киевтегі Борисполь әуежайы аймағында атыс естіліп жатқанын айтты.
评论
其他材料