Қаңтар қасіретіне қатысты арнайы репортаж жарық көрмек

4186
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/izobrazhenie_2022-03-01_194736.png
Қаңтар қасіретінде тауқымет кешкен жандардың оқиғасын сараптайтын арнайы репортаж көрермен назарына жол тартады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Қаңтар оқиғасы - бірлік пен бекемдік, сабыр мен сергелдең, ерлік пен ездік безбенге түскен сын сағат. КТК телеарнасы қаңтар қасіретіне қатысты арнайы репортаж ұсынады. Кейіпкерлердің көтеріліс кезінде бастан кешкен оқиғасына бей-жай қарау мүмкін емес. Әсіресе, сарбазды құтқару үшін өз басын қатерге тігіп, артынан ауруханаға түскен Талғардың оқиғасы осы шеруге қаннен-қаперсіз шығып, бүлікшілердің ортасына аңдаусыз түскендердің келбетін ашатындай. Қысылтаяңда қатер қақпанына түскендерді кім қорғайды? «Сын сағатта» арнайы репортажы КТК арнасында, сағат 20:00-де.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料