Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2531
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/1578565a-e12a-4c0d-865e-075764ca8608.jpeg
Президенттер қазіргі геосаяси ахуалдың шиеленісуі жағдайындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлайды Ақорда. Тараптар Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ жаңа сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған алдағы іс-қимылдары жөнінде уағдаласты.

“Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料