Доллар 700 теңгеден асуы мүмкін

3359
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/1646382185_news_b.jpeg
Қоғам белсендісі Дәулет Төлеутайұлы доллар бағамының 700 теңгеден асуы мүмкіндігін баса айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Бұл мәліметтерді ол өзінің инста парақшасында жазды. Мәскеу биржасында 1 доллар құны 134 рубльді құрағанын, ал бұл кейін біздің теңгеге шаққанда 700 теңгеден асатынын болжап отыр. "Мәскеу биржасында 1 доллар = 134 рубльге жетті Егер біздің 1 рубль = 5.5 теңге қатынасы сақталатын болса... Елдегі 1 доллар 700 теңгеден асады деген сөз. Ал біздің биржада (Kase) бүгін-ертең демалыс. Сәрсенбі Ұлттық банк миллиондаған долларға валюталық интервенция жасайды-ау... Әйтпесе, жағдайымыз қиын", - деп жазды ол өз парақшасында.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料