Депутат Владимир Тохтасунов өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

2502
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/16142427090.jpeg
Бұл туралы бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында белгілі болды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
Парламент Мәжілісінің депутаты Владимир Тохтасунов денсаулығына байланысты міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституциясының 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының 24-бабы 3) және 8)-тармақтарына сәйкес депутат Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізіп отыр, - деді отырыста сөз алған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Депутаттар ұсынысты бір ауыздан қабылдады. 

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料