Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты ел атанды

3405
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/d31c5d6e-a01b-4bed-bf66-8e4c0112eafc.jpeg

ТМД елдерін басып озып, Қазақстан дүниежүзіндегі ең бақытты елдер рейтингінде 40-орынға шықты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы World Happiness Report-ке сілтеп.

Рейтинг нәтижесі, 2019 жылдан 2021 жылға дейін жүргізілген сауалнаманың орташа нәтижесі арқылы анықталған. Бақыт туралы сауалнамаға

дүниежүзінің 9 миллионнан аса тұрғыны қатысты.

Финляндия бесінші жыл қатарынан ең бақытты ел атанып отыр. Үздік ондықта: Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия.

Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料