«AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгерістер енгізілді

2072
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/12f4d344-a1b3-4b8d-bec4-ac9b71925912.jpeg
Саяси кеңестің қаулысымен AMANAT партиясы Саяси кеңесі Бюросының жаңа мүшелері сайланды. Бюроның құрамына енгендер: Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі; Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы; Асхат Раздықұлы Оралов – «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы; Максим Николаевич Рожин – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті. Осылайша, «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты.
评论