"Қазақстан сенімсіз одақтас, оның басшылығы екі жүзді, Ресей бұл мемлекетпен қарым-қатынасын қайта қарауы керек" деп 31 наурызда REGNUM тілшісіне МГИМО әскери-саяси зерттеулер орталығының жетекші сарапшысы Михаил Александров айтты, деп хабарлайды "Адырна" сайты.
Еске салайық, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов EURACTIV-ке берген сұхбатында Қазақстан Ресей Федерациясын қолдамайтынын және Ресейге қарсы санкциялар режимін сақтауға ниетті екенін мәлімдеген.
«Сүлейменовтің «Қазақстан ЕО мен АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларын айналып өту құралы болмайды» деген мәлімдемесі Қазақстан басшылығының бұрыннан келе жатқан екіжүзділігін көрсетеді», - деді сарапшы. Қазақстан қиын жағдайда оған сенуге болмайтын сенімсіз одақтас, деп атап өтті саясаттанушы.Қазақстан өзінің географиялық орналасуына және сыртқы нарыққа шығатын транзиттік жолдарының шектеулілігіне байланысты Ресеймен ынтымақтасуға, ЕАЭО және ҰҚШҰ-ға мүше болуға мәжбүр. Дегенмен, ол бұл ынтымақтастықты бір жақты жол ретінде қарастырады, мұнда олар өздерінің бас пайдасы үшін бірнәрсе алып қалсам дейді, көмекке келгенде түк жоқ», - деді Александров.
«Бұл жағдайда да Қазақстан Батыспен байланысын сақтап қалуға тырысады, дегенмен ЕАЭО Батыспен енді бір режимде жұмыс істей алмайтыны анық. Демек, Қазақстан кіммен одақтас – Ресеймен бе, Батыспен бе, соны таңдауы керек. Егер бұл елдің Ресейге қарсы Батыс санкцияларынан кейін осы елге ілесуге ниетті екені белгілі болса, Мәскеу Қазақстанға экономикалық жеңілдіктер беруді тоқтатуы керек», - деп түйіндеді саясаттанушы.
"Адырна" ұлттық порталы